20 ақпан 2020 | 09:40

Наурызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның басым бөлігінде наурызда ауа райы жылы болады, алайда жауын-шашын көп түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның басым бөлігінде наурызда ауа райы жылы болады, алайда жауын-шашын көп түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Олардың болжамына қарағанда, Қазақстанның солтүстігінде наурыздың бірінші онкүндігінде қарлы болады, боран тұрып, мұзтайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус бес пен плюс бес арасында құбылады, түнде он градусқа дейін аяз болады.

Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі айдың алғашқы күндері жаңбырлы болады, кей жерлерде қар жауады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін, түнде - нөлден плюс сегізге дейін қызады.

"Алайда, кейбір күндері еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында сынап бағанасы түнде 17-ге дейін суытуды, оңтүстігінде және батысында 10 градусқа дейін төмендеуді көрсетуі мүмкін", - деп ескертеді "Қазгидрометтегілер".

Жалпы наурыз жылы болады деп күтіліп отыр: республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады. Мамандардың айтуынша, мұнда ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.

Синоптиктер ақпан айының соңында ауа райы қандай боларын да айтып өтті.

"Ақпан айының үшінші онкүндігінің ортасынан бастап Қазақстан аумағы бойынша Атлантикалық циклондар сериясымен қар жауып, кей жерлерде күшті болады деп күтіледі. Оңтүстікте қар жауып, жаңбыр жауады. Тұман, көктайғақ, боран, секундына 15-25 метрге дейін жел күшеюі мүмкін", - дейді мамандар. 

Республиканың батысы, солтүстік-батысында түнде бес градус аяз - үш градусқа дейін жылы, күндіз минус бестен плюс сегіз градусқа дейін болады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 15 градусқа дейін, күндіз 10 градус аяз болады. 

Оңтүстік, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде температура минус сегізге дейін төмендейді, ал күндіз ол 15-ке дейін көтеріледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети