Наурызда қандай салт-дәстүрлер ұмыт қалған?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркі халықтары үшін жыл басы саналатын Наурыз - ұлттық ерекшелігімізді, болмысымызды танытатын басты мереке. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дәстүр" ұлттық-этнографиялық журналының бас редакторы, ақын Қасымхан Бегманов Tengrinews.kz тілшісіне салт пен дәстүрдің айырмашылығы, ұмыт қалған дәстүрлер туралы айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркі халықтары үшін жыл басы саналатын Наурыз - ұлттық ерекшелігімізді, болмысымызды танытатын басты мереке. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дәстүр" ұлттық-этнографиялық журналының бас редакторы, ақын Қасымхан Бегманов Tengrinews.kz тілшісіне салт пен дәстүрдің айырмашылығы, ұмыт қалған дәстүрлер туралы айтып берді.

Дәстүр мен салттың айырмашылығы не?

Қасымхан Бегмановтың айтуынша, дәстүр тұрақты, ал салт өзгеріске түсуі ғажап емес.

"Салт-дәстүр - әр халықтың сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған, өмірдің өзі туғызған әдет-ғұрыптар жиынтығы. Алайда салт - адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім. Ал дәстүр - қоғамдық сананың барлық саласына байланыста дамыған, қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. Сонымен қатар, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Дәстүрдің ауқымы салттан әлдеқайда кеңірек. Салт жеке адам өмірінде көрініс тауып, кейін ру-тайпаға ортақ рәсім ретінде танылса, дәстүр керісінше топтасқан қауымның бірыңғай көзқарасынан туындайды", - деп түсіндірді ол.

Ұмыт қалған дәстүрлер

Этнограф Қасымхан Бегманов ертеде халық арасында қолданылып, кейін ұмтылып кеткен дәстүр көп екенін айтты.

"Өлі мен Тірінің" айтысы. Ұлыс күнінен бір күн бұрын кеш түсіп, күн батарда ортаға екі ақын шығып, жақсылық пен жамандықтың, қыс пен жаздың күресін бейнелейтін айтысын бастайды. Айтыстың шарты бойынша, күн ұясына батар шақта "өлі" жеңіледі.

"Соның бірі - аластау. Қараңғы түсе екі жерге үлкен от жағылатын болған. Жас шамасына қарай топ-топ болып бөлінген жұрт екі оттың ортасынан өтіп бара жатып қолдарындағы майлы шүберек ораған таяқтарын отқа тұтатқан. "Алас, алас, пәледен қағас!" деп хормен өлең айтып, айналаны отпен тазалап шыққан", - дейді маман. 

Тағы бір дәстүр - жаңа күнді қарсы алу. Алтыбақан басталарда жастар түнімен ән айтып, ұлттық ойындар ойнаған. Таң ата биіктеу төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған.

"Кімде-кім Ұлыс күнін күн түскен сәтте шұғыласын маңдайымен тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды" деген ұғым болған. Күлімдеп шыққан күнге сәлем берген жұрт "Құт дарысын!" деп айналаға ақ бүркіп, үйлеріне тарасқан. Бұл туралы Жағда қария да (Жағда Бабалықұлы - этнограф-ғалым - еск.) айтқан еді. Ол кісі бір аңызды айта келе, "...Наурызда үш жүз алпыс бес күнге арнап, үш жүз алпыс бес күйдің ойналуы. "Тоғыз қоңыр" атты тоғыз күйдің тартылуы" деген-тін. Міне, бұл да қазір зерттелмеген тақырыптардың бірі. Саумалық - жаңа жыл келгенде айтылатын жыр-дәстүр. Онда былай айтылған: "Саумалық, саумалық, Көк құс көзін ашты ма? Аяғын жерге басты ма? Саумалық, саумалық, Самарқанның көк тасы Жібіді ме, көрдің бе?". Ауыл аналары мен әйелдер үйдегі екі ыдысты сындырып, барлық жаманшылық атаулы сонымен кетсін деп ырым жасаған", - деді ол.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов 

Этнограф Наурыз ренжіскенді татуластыратын айрықша мереке екенін атап өтті.

"Қазір ренжісіп жүрген дос-жолдастарды былай қоғанда, бірге туған туыстар да аз емес. Наурыз мерекесінде жеңгелер мен қайындарды белдестіріп күрестірген. Жеңгеніне тарту-таралғы берген. Кейбір жеңгелер осындайда шайпы ауыз, боқтампаз қайындардан "өш" алатын болған", - деді ол.

Қасымхан Бегманов қазақ қоғамында ұмытылып бара жатқан қандай салт-дәстүр бар деген сұраққа былай жауап берді:

"Қазақты ұлт ретінде қалыптастыратын, құндылықтарды дәріптейтін салт-дәстүрлер қоғамға керек. Қазір еуропалықтардың жаман жағына еріп кеттік. Олар келісімшарт бойынша үйленбей тұрып, бірге тұрады, некеге отырады. Еуропа үшін тұқым маңызды емес, үйлесімділікке қатты қарайды. Қазір тастанды бала көп. Бұрындары балаң болмаса, туғандарыңның баласын алуға болатын. Қазір бұл салт мүлде кездеспейді. Жақыныңнан бала алсаң оның тегін білесің, жақсы емес пе?! Бірақ қазір нәрестені перзентханадан алып жатады. Оның тегі, әке-шешесі кім екенін де білмейді.  Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Ол үшін әменгерлік дәстүрі болған. Әмеңгерлік қазіргі таңда кездеспейді. Әйелі өлген еркек күйеуі өлген келінін немесе жеңгесін алса немесе ері қайтыс болған әйел қайынағасына яки қайнысына тисе, оның несі айып? Бір әулетте, бірін-бірі біледі, балалары да бөтен емес, туыс", - деді ол.

Оның айтуынша, құда түсу дәстүрін де қайта жолға қойған жөн.

"Сүйдім", "күйдім" деп танысып, бір-екі рет сөйлескен бір бойжеткенді көшеден алып келеді. Ата-ана амалсыз той жасайды. Ұзамай әлгі "ғашықтар" ажырасып кетіп жатады. Өйткені оларда бұрыннан таныс-біліс, негіз жоқ. Ал егер ата-анасымен келісіп, білісіп, құда түсіп алатын болса, ондай әбес тірлік болмас еді. Бұрыннан таныс ата-аналар араға түсіп, "бұларың дұрыс емес" деп айтар еді. Осындай мысалдарды көп келтіруге болады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro