Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады? Фото:depositphotos.com

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылғы наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауысуына байланысты қосымша демалыс күндері де болады.

2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі болады:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні.

8 наурызда қалай демаламыз?

2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.

8 наурыздағы демалыс кестесі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні.

Наурызда қалай демаламыз?

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:

  • 21 наурыз - сенбі;
  • 22 наурыз - жексенбі;
  • 23 наурыз - дүйсенбі.

Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21–25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі–сәрсенбі);
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні.

График выходных и рабочих дней в марте 2026 года в Казахстане: праздничные дни - 8 и 21-23 марта - Tengrinews.kz

Басқа мерекелер

Наурызда Қазақстанда кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі:

  • 1 наурыз - Алғыс айту күні;
  • 14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) - Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.94  course up  604.08  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети