Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жолға шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жолға шығады ©Даниал Оқасов

Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты мейрамға дейінгі және мейрам күндері мына бағыттар бойынша қосымша пойыздар жолға шығады:

- №153/154 Астана - Қостанай, Астанадан 20 наурызда, Қостанайдан 21 наурызда;

- №61/62 Алматы - Арыс-1, Алматыдан 19 наурызда, Арыс-1-ден 20 наурызда;

- №151/152 Алматы - Көкшетау, Алматыдан 21 наурызда, Көкшетаудан 23 наурызда;

- №156/155 Қарағанды - Жезқазған, Қарағандыдан 20, 24 наурызда, Жезқазғаннан 21, 25 наурыз күндері жолға шығады.

Еске салайық, қазақстандықтар Наурыз мейрамында 21-інен 25-іне дейін бес күн демалады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети