29 сәуір 2018 17:19

Найзағай, бұршақ және дауыл: 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Синоптиктер 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, ертең, 30 сәуірде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін.

"Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шаңды дауыл болуы ықтималы", - делінген хабарламада.

Мамандардың болжауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күшті жел мен бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз найзағай болып, желдің күші секундына 15-23 метрге дейін жетеді, бұршақ жаууы да мүмкін.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с, күндіз найзағай, шаңды дауыл болады. Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай болып, жел күшейеді.

Маңғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай мен күшті жел күтіледі. Павлодар облысында күндіз кей жерлерінде найзағай, желдің күші 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети