19 маусым 2021 | 16:18

Найзағай және аптап. Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының ыстық болуы мен найзағайға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының ыстық болуы мен найзағайға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, ертең Нұр-Сұлтанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде 20 маусымға қараған түні және күндіз тауда найзағай, дауыл соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл болады. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан 17-22 метр жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент пен Түркістанда ертең солтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр жел соғады.

Атырау облысында 38 градусқа дейін аптап болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метрге жетеді. 
 
20 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градусқа дейін аптап болады. Ақжайық, Сырым, Бөрлі және Қаратөбе аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

ШҚО Бесқарағай ауданында өрт қаупі өте жоғары деңгеде.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети