04 маусым 2021 | 17:32

Найзағай және бұршақ. Алматыда бірнеше күн ауа райы тұрақсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Алматыда алдағы күндері найзағай мен бұршақ болады. Жалпы, ауа райы 9 маусымға дейін тұрақсыз. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда алдағы күндері найзағай мен бұршақ болады. Жалпы, ауа райы 9 маусымға дейін тұрақсыз. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 маусымда найзағай соғады, ал 6 және 7 маусымда қалада бұршақ жаууы мүмкін.

"Алдағы аптада қалада тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек 9-10 маусымда ауа райы жауын-шашынсыз. Қалған күндері күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. 6,7,8,11 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауады", - деді Қазгидрометтің Алматыдағы бөлімінің жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Алматының таулы аудандарында да найзағай, бұршақ, жаңбыр және қатты жел күтіледі. Кейбір шатқалда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.

"Қазгидромет" мәліметінше, ауа температурасы 5-11 маусым аралығында күндіз +28...+33 градус болады, түнде + 15...+22.

Еске салайық, 4 маусымда Алматыда қатты желден ағаштар құлаған болатын. Тұрғындарға электр желілерінен аулақ болуды және мүмкіндігінше үйде отыруға кеңес берілді. Қалада ауа райының тұрақсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети