Найзағай және бұршақ. Синоптиктер ескерту жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Еліміздің көп аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің көп аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметтеріне сәйкес, 16 тамызда Ақтөбе облысында найзағай, дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында найзағай болып, секундына 20 метрге жететін жел көтерілуі ықтимал. Кей жерінде өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында күндіз найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Нұр-Сұлтанда ертең күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерінде найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай, жел және шаңды дауыл болуы мүмкін. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.

БҚО-ның солтүстік-батысында найзағай және жел болуы ықтимал. 

Ақмола облысында найзағай болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел кейін солтүстік-батысқа ауысады да, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 16 тамыз күні жел жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

СҚО-ның кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей ауданында тұман түсіп, жел көтеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro