Найзағай және жаңбыр: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Найзағай және жаңбыр: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Сенбі, 3 мамырда Қазақстанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Кей жерлерде үсік және екпінді жел болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенбі, 3 мамырда Қазақстанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Кей жерлерде үсік және екпінді жел болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: түнде 3–8, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3, үсік −1°С-қа дейін, күндіз +19…+21.

Алматы – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр және найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: 3–8 м/с, екпіні 18 м/с-қа дейін. Температура түнде +10…+12, күндіз +22…+24.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады: 5–10 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +31…+33.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады: 9–14 м/с. Температура түнде +10…+12, күндіз +18…+20.

Ақтөбе – бұлтты, кейде жаңбыр, күндіз найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады: 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Температура түнде +8…+10, күндіз +22…+24.

Атырау – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады: 7–12 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +24…+26.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады: 9–14 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +24…+26.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады: 5–10 м/с. Температура түнде +4…+6, үсік −1°С-қа дейін, күндіз +19…+21.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: 6–11 м/с. Температура түнде +2…+4, үсік −1°С-қа дейін, күндіз +18…+20.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: 9–14 м/с, екпіні 18–23 м/с-қа дейін. Температура түнде +9…+11, күндіз +23…+25.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр және найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Температура түнде +5…+7, күндіз +17…+19.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады: 9–14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +30…+32.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады: 7–12 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +15…+17.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр және найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Температура түнде +1…+3, күндіз +15…+17.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады: 9–14 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +18…+20.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: 5–10 м/с, екпіні 14 м/с-қа дейін. Температура түнде +6…+8, күндіз +22…+24.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Температура түнде +10…+12, күндіз +29…+31.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады: 8–13 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +33…+35.

Орал – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады: 9–14 м/с, екпіні 18 м/с-қа дейін. Температура түнде +10…+12, күндіз +18…+20.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғады: 7–12 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +18…+20.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети