22 сәуір 2024 | 09:10

Найзағай және жел: Астанада және 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Астанада және Қазақстанның 13 өңірінде найзағайға байланысты ескерту жасады. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Астанада және Қазақстанның 13 өңірінде найзағайға байланысты ескерту жасады. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы - найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы - 2024 жылы 23-26 сәуір аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Синоптиктер автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін екенін ескертті.

Қарағанды облысы - найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы - жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар облысы - найзағай мен желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Ақмола облысы - найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі.

Абай облысы - найзағай күтіледі.

Қызылорда облысы - дауыл күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысы - екпіні секундына 15-20 метр болатын жел күтіледі.

Түркістан облысы - таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі.

Астана - найзағай күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети