Найзағай және құмды дауыл: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Найзағай және құмды дауыл: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай, жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

"Республиканың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады. Батыста және оңтүстікте құмды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түседі", – делінген хабарламада.

Ауа температурасы қандай болады?

Синоптиктердің айтуынша, температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мамырдағы ауа райы болжамы

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет мамырда қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлаған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің соңғы айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети