10 қазан 2024 | 08:14

Найзағай, нөсер және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні секундына 23 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте күннің соңында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысында тұман түседі. Облысың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 10 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Үржар ауданында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети