21 қараша 2016 12:27

Назарбаев: 100 қадам орындалуы тиіс. Оңды-солды әрекеттер мен әңгімелерге жол бермеймін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың сатылмайтыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі судьялардың VII құрылтайынан.


Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың сатылмайтыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі судьялардың VII құрылтайынан.

"Адамдар өз мәселелерін шешу үшін биліктегілер отырған дәлізде жүгіріп жүрмеуі тиіс. Сондықтан олар келген адамдарды бірде былай, бірде олай кері қайтарады. Кез келген адам заңбұзушылық болған жағдайда сотқа баруы тиіс. Сол жақтан ол өркениетті елдердегідей өзінің құқығы мен еркіндігін қорғай алады", - деді Қазақстан Президенті келген қатысушыларға.

"Кез келген сот реформасының түпкі мақсаты - тәуелсіз әрі сатылмайтын сот билігі. Ондағы басты мәселе - шыншылдық, судьялардың кәсібилігі, әділдік, ал ең бастысы - соттың әділдігі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Барлық 100 қадам орындалуы тиіс. Ешқандай да оңды-солды әрекеттер мен әңгімелер айтуға жол бермеймін. Мен мұны барлығына айтамын. Жақында барлық орган қызметкерлерінің осы уақытқа дейін немен айналысқаны және қандай жетістіктерге жеткені тыңдалатын болады", - деді Мемлекет басшысы құрылтай қатысушыларына.

Сондай-ақ, бүгінгі құрылтай барысында қатысушылардың судьяларға қатысты жаңа Этикалық кодексті қабылайтыны күтіледі.

Айта кетейік, 2015 жылы "Нұр Отан" партиясының XVI құрылтайында Нұрсұлтан Назарбаев судьяларға қатысты талаптарды күшейту қажеттігін атап өткен болатын.

"Сотта жұмыс істегісі келетін үміткерде сот жүйесінде кем дегенде бес жыл еңбек өтілі болуы тиіс. (...) Кез келген жоғарғы судья төменгі сот орындарында жұмыс атқаруы керек", - деген еді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети