Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден беруді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elbasy.kz Фото:elbasy.kz

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында праймериз нәтижелері талқыланғаны хабарланды.

Партия төрағасының бірінші орынбасарының мәліметі бойынша, дауыс беруге партия мүшелерінің 84,2 пайызы қатысты, оның 88 пайызы онлайн режимінде болды. Тіркелген 10 073 кандидаттың 36 пайыздан астамы әйелдер, 29 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болған. Партиялық ішкі іріктеу нәтижесінде 20 мыңнан аса ұсыныс жиналған, соның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым мен көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Тұңғыш Президенті партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына тоқталды.

"Саяси кеңестің бюросында біз республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқыладық. Қиын жағдайды ескере отырып, бағдарламада біздің мақсатымыз бен ауқымды міндеттеріміз көрсетілген. Барлық партия мүшесі осы бойынша жұмыс істейді, себебі, түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталған. Сайлау алдындағы уәделерді есептеу керек", - деді партия төрағасы.

Кездесу барысында Елбасы партияға Birgemiz қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

"Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бәріне атқарған жұмысы үшін ризамын. Алда әлі көптеген нақты іс бар. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды", - деп қорытындылады Қазақстан Тұңғыш Президенті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro