18 наурыз 2021 | 13:16

Назарбаев "Абай арена" атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі "Абай арена" стадионы өз атауын сақтауы тиіс деп санайды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі "Абай арена" стадионы өз атауын сақтауы тиіс деп санайды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс", - деп жазды ол Twitter-де.

Бұған дейін БАҚ-та Семейде даңғыл мен аренаға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған. Айбек Нұғымаровтың сөзінше, ұсынысты 30-ға жуық адам жасаған. Оның ішінде, ақсақал, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар. 

Реклама
Реклама

"Қарағайлы шағынауданында әзірше атаусыз тұрған көшеге Назарбаевтың есімі берілсе дейміз. Сонымен қатар, сол аудандағы спортнысанды да Тұңғыш Президенттің құрметіне "Елбасы-Арена" деген атау беру ұсынылды", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная