18 наурыз 2021 09:12

Семейде даңғыл мен аренаға Назарбаев есімі берілуі мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: іnstagram/akimat.semey Фото: іnstagram/akimat.semey

Семейде жақын арада Назарбаев атындағы даңғыл пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Arnapress.kz.


Семейде жақын арада Назарбаев атындағы даңғыл пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаров айтты. 

"Қарағайлы шағынауданында әзірше атаусыз тұрған көшеге Назарбаевтың есімі берілсе дейміз. Сонымен қатар, сол аудандағы спортнысанға да Тұңғыш Президенттің құрметіне "Елбасы-Арена" деген атау беру ұсынылды", - деді Айбек Нұғымаров. 

Оның сөзінше, ұсынысты 30-ға жуық адам жасаған. Оның ішінде, ақсақал, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар. 

"Бәрі болды - мәдениет, спорт және қалалық белсенділер... Бүгінде шешім қалалық мәслихатта, сосын оны астанаға жібереді, сол жерде шешіледі", - деді ол. 

Алайда құрылыс жүріп жатқан кезінде-ақ бұл нысанның атауы "Абай Арена" екені айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети