30 қазан 2018 | 19:03

Назарбаев Әбдіқалықовамен кездесті

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімделді, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram