Еңбек сіңірген қазақстандық жаттықтырушы Есенбек Сыздықов өмірден озды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: "Шахтер" ФК баспасөз қызметі Фото: "Шахтер" ФК баспасөз қызметі

74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі жаттықтырушы Есенбек Сыздықовтың қайтыс болғанын хабарлады.

"74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті. Есенбек Кабирұлы бүкіл саналы ғұмырын футболға қызмет етуге арнады. Осы жылдар ішінде "Шахтер" ФК бас бапкері, команда басшысы, спорт директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық футбол лигасының төрағасы, Қарағанды ​​қаласындағы футбол бойынша "Жастар" ОСЮШОР-ның директоры болды.

"Шахтер" ФК басшылығы мен командасы Есенбек Кабирұлының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, ауыр және орны толмас қазаға қайғырады. Қазаның орнын ешбір сөз толтыра алмайды. Есенбек Кабирұлының жарқын естелігі оны білетін баршаның жүрегінде мәңгі сақталады", – деп жазды "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі.

Еске салайық, "Шахтер" футбол клубы 1958 жылы құрылды. Сол жылы Қарағандыда 15 700 адамға арналған клубтың жаттығу стадионы салынды.

"Шахтер" – футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2011, 2012), 2013 жылғы Қазақстан Кубогының және сол жылы Қазақстан Суперкубогының иегері.

Сондай-ақ Қарағанды клубы еурокубоктардың топтық кезеңіне шыққан алғашқы қазақстандық команда болды. "Шахтер" – Премьер-лига құрылғаннан бері одан ешқашан кетпеген жалғыз клуб. Халықаралық деңгейде "Шахтер" еурокубоктарда 12 жеңіспен және 8 тең ойынмен 36 матч өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer