17 наурыз 2017 | 23:29

Назарбаев Әблязов жайлы: Бір рет сатып кеткен адамға ешқашан сенбеймін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде мемлекеттік қызметтегі реформалар жайлы айта келе, Мұхтар Әблязовті мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде мемлекеттік қызметтегі реформалар жайлы айта келе, Мұхтар Әблязовті мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қызметке қойған жігіттер қылмыспен, жемқорлықпен байланысады, бұл, әрине, көңілге батады. Мысалы Әблязовті министр қылдым, 30-дан енді ғана асқан кезі еді. Әрдайым тек жақсылық жасадым. Өздеріңіз көрдіңіздер, жымқырды. Жүр бір жақтарда қазір. Екінші рет кешір, үшіншісінде қош айтыс. Бір рет сатып кеткен адамға ешқашан сенбеймін", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, кадр мәселелері елдегі маңызды мәселелердің бірі. Елбасының сөзінше, бұл барлық басшының проблемасы.

"Біз мемқызмет туралы арнайы заң қабылдадық. Бұл заңда елімізде меритократияның бар екенін көрсетеді, қызметке еңбегімен келеді және заңды білуден, ел экономикасын білуден арнайы аттестациядан өтеді. Сонда ғана резервке өтіп, сонда ғана тағайындалады", - деп түсіндірді Елбасы.

Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети