Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  
 
Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге негізделгенін атап өтіп, оны әрі қарай табысты дамытудың маңыздылығына назар аударды.

"Сіздер бізді халықаралық аренада да, экономикада да әрдайым қолдап келесіздер. Осы жылдар ішінде сіздермен достық қарым-қатынас орнаттық. Қазақстанға ерекше көңіл бөліп отырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта экономиканың түрлі секторларында, соның ішінде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдері арасында заманауи технологияларды дамыту жағынан Біріккен Араб Әмірліктері көш бастаушылардың бірі болып отырғанын атап өтті.

"Болашақтағы өзгеріске сай боламын десең, бүгін өзің өзгер" деген дана сөз бар. Сіздер сол жолдан таймай келесіздер", - деді Мемлекет басшысы.

Абу-Дабидің тақ мұрагері екі жақты байланыстар серпінді дамып келе жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіндегі белсенді рөліне тоқталды.   

"Біз көп нәрсені сіздерден үйреніп келеміз. Сіздің реформаларыңыз уақыт талабына сай жүргізілуде. Қазақстан Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында тұрақты дамып келеді", - деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.   

Келіссөздер барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети