Назарбаев: Әйелдердің өз тәнін саудалауы - масқара

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Әйелдердің өз тәнін саудалауы - масқара © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарды жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарды жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен әрқашан жастарға үйді жинау ұят еместігін айтамын. Солай ма? Жұмыссыз және бақытсыз болу ұят. Мұнда сонша жұмыс бола тұра, әйелдердің өз тәнін саудалауы - масқара. Міне, жастармен кездесу алдында маған адамдарға қызмет көрсететін, бала қарау, ас дайындау және пәтер тазалау сияқты қызмет түрлерін ұсынатын компаниялар туралы айтты. Міне, бұл - жұмыс", - деді Президент "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының жеңімпаздарымен кездесу барысында.

Жоба авторларының мәліметнше, "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының мақсаты тәуелсіздік жылдары еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың бастан өткерген мысалында табысқа қалай жету керектігі, бәсекеге қабілет, прагматизм және білім идеяларын алға жылжыту.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев жұмыссыз жастарды жеңіл ақша табу жолында бұрыс жолға түспеуге шақырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети