22 қаңтар 2016 14:32

Назарбаев академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдадыКездесу барысында отандық ғылымды дамытудың маңызды мәселелері мен Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдадыКездесу барысында отандық ғылымды дамытудың маңызды мәселелері мен Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздің ғылыми жұртшылығы пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты.

"Бүгінде бірде-бір сарапшы жағдайдың әрі қарай қалай дамитынын және қалыптасқан ахуалдан шығудың жолдарын болжай алмайды. Еуропадағы, АҚШ-тағы, Қытайдағы ахуалға қатысты жекелеген пікірлер бар, бірақ ешкім тұтастай пайым жасай алмай отыр. Бұған қоса, бірқатар ел арасындағы санкциялық текетірес әлемдік сауда жүйесіне оң әсер етіп отырған жоқ. Терроризм қатері де назар аударуды қажет етеді, оған қарсы тек бірлескен іс-қимыл арқылы күресуге болады. Біздің ғылыми-сарапшылық ортада осы сын-қатерлерге қатысты негізделген пікір болуға тиіс", - деді Қазақстан Президенті.

Сағадиев ел ғалымдары өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін айта отырып, қазіргідей күрделі кезеңде қоғамға қызмет ету олар үшін кәсіби борыш екенін атап өтті.

Сондай-ақ академик Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары зор тарихи мүмкіндік екенін, оның әлеуеті барынша пайдаланылуы тиістігін айтты. Бұл үдеріске ғылымның ғана емес, республика жұртшылығының барша өкілдері белсене қатысқаны жөн. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети