Назарбаев әкесі жайлы әңгімелеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев әкесі жайлы әңгімелеп берді © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы "Арай", қазіргі жаңарған "Жетісу" саябағының ашылуында өз әкесі жайлы әңгімеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы "Арай", қазіргі жаңарған "Жетісу" саябағының ашылуында өз әкесі жайлы әңгімеледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оның әңгімесі Ақорданың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. 

"Мен бақта туған адаммын. Әкем - бағбан. Үйіміздің айналасы 25 сотық жер болды, сол кезде бұл өте үлкен жер телімі. Алма ағаштары жайқалып тұратын. Әкем ағаштың түбінен-ақ қай ағаштың алма, ал қай ағаштың алмұрт беретінін үйрететін. Тура Мичурин. Сол бақта өсіп, алма ағаштарына қарап, топырағын тазалап, уақытында су құйып үйрендім. Әрбір алмаға шаң жұқтырмай, оны жертөлеге сақтап, көктемде Алматыға апарып сататынбыз. Бұл отбасымыздың табысы еді", - деді Президент.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағын еске алған еді.

"Туған ауыл, таулар, тау арасындағы жылғалар, таулардағы қызғалдақтар, көкнәрлар - көктемде барлығы қызыл болады. Біздің ойындар мен серуендеген сәттер, көкнәрлардың ішіндегі футбол, сосын барлығымыз бірге тауға шығатынбыз. Бұл мәңгілікке есте қалады", - дейді Президент Instagram желісінде жарияланған видеода.

Айта кетейік, 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети