10 мамыр 2017 | 19:24

Назарбаев Ақордада "Бәйтерек" ҰБХ төрағасы Досаевты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Елбасы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына холдингтің жұмысы туралы есеп беріліп, оны бұдан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін холдингке бөлінген қаражатты уақтылы әрі сапалы игерудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасының орындалуына қатысты мәселелерге арнайы тоқталды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мемлекет басшысына холдингтің құрылғаннан бергі көрсеткіштері ұдайы өсіп, былтыр оның активтері 2015 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқаны туралы баяндады.

Сондай-ақ, Досаев Қазақстан Президентіне отандық автокөлік өндірушілерді қолдау, машина құрастыру саласын қаржыландыру, шағын және орта бизнеске және экономиканың түрлі секторларындағы басқа да кәсіпорындарға жәрдемдесу мәселелері жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети