Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбдаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселелері жөнінде жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбдаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мәселелері жөнінде жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жиынға премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды.
Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.