Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті

29 Қыркүйек 2015, 23:31
0
Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті - © Akorda.kz
© Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Қазақстан мен Американың серіктестігі өңірдің дамуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа 26 қыркүйекте барған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай