Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбеде Президент "Қазхром» ТҰК" АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытына барды. Мемлекет басшысына ферроқорытпа зауытын салу жобасы бойынша ақпарат ұсынылды. Содан кейін Елбасы бірінші балқыту пешін салтанатты жағдайда іске қосты.
Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті, олар мемлекет тарапынан металлургтерге тұрақты түрде назар аударылып, қолдау көрсетілетіні үшін алғыс айтты. Президент еңбек ұжымын жаңа ауқымды өндірістің іске қосылуымен құттықтап, табыс тіледі.
"Казхром" ТҰК" АҚ ферроқорытпа зауытының жобалық қуаты - жылына 440 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохром өндіру. Жылдың соңына дейін 226,5 мың тонна өнім өндіру жоспарланып отыр. Кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны 500-ге жетеді.
Акционерлік қоғамның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа зауыт құрылысының құны - 843 млн доллар. Келесі айда "Қазхром" бұл балқыту агрегатынан тұңғыш металын алғалы отыр. Зауытқа шығынды азайтуға септігін тигізетін жаңа технология енгізілген.
Мемлекет басшысы "Достық" су спорты орталығының тренажер залы мен бассейнін де аралап көрді. Бассейнде кешенді жүзу спортының шеберлері өнер көрсетті. Орталық 2013 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген, ол спорттың осы түрінен халықаралық жарыстарды өткізуге лайықталған.