Назарбаев алаңында орындықты бүлдірген оқушы қыздардың ата-аналары жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев алаңында орындықты бүлдірген оқушы қыздардың ата-аналары жазаланды © uralskweek.kz

Оралда 9-сыныпта оқитын қыздар қаланың бас алаңындағы орындыққа жазу жазғаны үшін ата-аналарына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 9-сыныпта оқитын қыздар қаланың бас алаңындағы орындыққа жазу жазғаны үшін ата-аналарына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздар сабақтан ертерек сұранып, саябаққа серуендеуге барған. Бірақ жолда Тұңғыш Президент алаңына кіріп, ондағы орындықтарға жазу жазған. 

"Қыздар елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзды. Полицейлер құқық бұзушыларды бейнежазба арқылы анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша ата-аналарға қатысты "Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - деді ведомство өкілдері. 

Оған қоса, ата-аналар бүлінген мүлікті қалпына келтірді.

"Сондай-ақ, заңды өкілдер балаларымен бірге бүлінген орындықты жууға мәжбүр болды. Полиция департаменті барлық тұрғыннан қаланы абаттандыру элементтеріне ұқыпты қарауды сұрайды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар жасаған заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік олардың заңды өкілдеріне жүктелетінін ескертеді және ата-аналарға жасөспірімдерді тәрбиелеуде ерекше назар аударуға кеңес береді", - деді полицейлер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети