Назарбаев алдағы президент сайлауы жайлы еске салды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының мүшелеріне алдағы президент сайлауы жайлы еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының мүшелеріне алдағы президент сайлауы жайлы еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз қол қусырып қарап отырмай, жұмыс істеуіміз керек. Әр облыста, әр қалада, әр ауданда филиалдар бар. Сіздер партия мүшесі екендеріңізді айтып, қол қусырып отыратын болсаңыздар, біз жақсы партия бола алмаймыз. Алда парламенттік сайлау, президент сайлауы келе жатыр. Осыдан өту үшін біз халықтың сенімін ақтауымыз қажет", - деді Назарбаев партияластарына "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

"Міндеттер қойылды, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға нақты қолдау көрсету сандары белгіленді. Жәрдемақы, коммуналдық-шаруашылық тұрғын үй аясында. Менің ойымша, осыдан партияның беделі артады", - дейді Президент.

Сондай-ақ, Назарбаев "Нұр Отанның" Парламентті қалыптастыратын партия екенін атап өтті. Ал Парламент үкіметті құрады.

"Демек Парламентпен және Үкіметпен бірге біз қабылдайтын барлық шешім үшін жауап береміз. Халықтың арман мақсаты мен ықыласын сездім, сол себепті үкіметті ауыстыруға тура келді. Жаңа адамдар келді. Тәжірибелі адамдар келді деп ойлаймын, олар экономиканы алға жетелейді және атқарушы билік нақты әрі жауапты жұмыс істейтініне үміттенемін", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro