Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Орал қаласында "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру және жеке үй құрылысы комбинаттарын дамыту жобасы туралы баяндалды.
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Орал қаласында "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру және жеке үй құрылысы комбинаттарын дамыту жобасы туралы баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев дайын өнім үлгілерімен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен әңгімелесті. Әңгіме барысында Тимур Қосжановтың жұмысын, отбасылық жағдайын сұрады. Ол өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы аграрлық техникалық университетіне грантпен түсіп, үздік дипломмен аяқтағанын айтты. "Өзім осы серіктестікте үш жылдан астам қызмет етемін. Мамандығым - инженер-құрылысшы. Жұмыс өзіме ұнайды. Цех басшысымын. Тұрақты табысым бар. Сіздің алға қойған "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша біздің кәсіпорын басшылығы маған биыл салынып жатқан үйлерден пәтер беруге уәде беріп отыр. Алла қаласа, баспаналы болсам, отбасылы боламын деген ойым бар", - жас маман. Осы кезде Мемлекет басшысы "Дұрыс, алдыменен баспана, содан кейін отбасын құру керек. Үйің жоқ болып, отбасын құрып қайтесің?", - деп кеңесін айтты елбасы.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы жұмысшылардың жалақыларының қалай екенін сұрастырды. Барлығы "жақсы, жақсы" деп жауап қатты.
Әрмен қарай Қазақстан Президенті өңірлердің дамуы мен үй құрылысының көбеюі есебінен елдегі осындай өнеркәсіп нысандарына деген қажеттілік артатынын айтты. Мемлекет басшысы ұжымға табыс тілеп, облыста cаланың жұмысына қолайлы барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, үй құрылысы комбинаты көпшілікке арналған үйлер құрылысын қамтамасыз ету үшін темір-бетон бұйымдарын, перспективалы құрастырмалы жүйелер жасап шығарады. Оның қуаты жылына жалпы аумағы 50 мың шаршы метр ғимарат салынатын өнім шығаруға лайықталған.