30 мамыр 2016 | 13:29

Назарбаев Әлихан Байменовты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Байменовтың Мемлекет басшысын Өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар еткені айтылады.

Хабтың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып отырғаны,  қазіргі кезде Сингапур орталығымен бірге оның мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес бола отырып, бұл платформаның тиімділігін айтып, хабтың іс-шараларын бірге қаржыландырып жатыр.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети