Назарбаев Алматыдағы медицина орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Алматыдағы медицина орталығына барды

Елбасы Алматыдағы "Керуен-Medicus" медицина орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Алматыдағы "Керуен-Medicus" медицина орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы медицина орталығының қызметімен танысып, клиника ұжымымен әңгімелесті.

"Дәрігер емделушіге қамқорлықпен қарап, әсіресе, аналарды босандырғанда өзінің мейірімін дарыта білуі қажет. Бүкіл Қазақстан бойынша заманауи құралдармен жабдықталған көптеген медициналық орталықтар салынды. Дәрігер - ең ұлы мамандық екенін әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге табыс тілеймін!", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина техникаларын өндіруші Siemens, Karl Storz, General Electric, Drager, Hamilton және басқа да жетекші компаниялар ұсынған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар көрсетілді.   

Айта кетейік, "Керуен-Medicus" жаңа ғимараты 2017 жылы салынды. Оның жалпы көлемі - 10 мың шаршы метр. Клиникада нақты уақыт режімінде 3D-форматындағы күрделі операциялар жасалады. Медициналық орталық Кореяның Severance Hospital, Германияның Freiburg University Klinik, Сеул ұлттық университетінің Бундан клиникаларымен, сондай-ақ Еуропаның жетекші клиникаларының өкілі - Puls Global компаниясымен кадр даярлау жөнінде ынтымақтастық орнатқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети