Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайының құрылысымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайының құрылысымен танысты © Николай Колесников

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев спорт кешенінің инфрақұрылымымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімі, сондай-ақ мәнерлеп сырғанау мен керлингтен жарыстар өтеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев спорт кешенінің инфрақұрылымымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімі, сондай-ақ мәнерлеп сырғанау мен керлингтен жарыстар өтеді.

Мемлекет басшысына қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Алматы облысындағы автомобиль жолдары желісін, инновациялық кластер және "Инновациялық технологиялар паркі" арнаулы экономикалық аймағын дамыту барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президентіне Универсиада нысандары құрылысы және халықаралық жарыстар ұйымдастыру мәселесі бойынша бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде айтылды. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дайындығына қатысты дирекция мәліметтері бойынша, іс-шараның операциялық бюджеті екі есеге – 17 миллиард теңгеге дейін ықшамдалған.

8 спорт нысанында 12 спорт түрі бойынша өтетін жарыстарға әлемнің 55 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар қысқы Универсиада тарихында бірінші рет Атлеттер мекенінде жайғасатын болады. Қазіргі уақытта 34 ел қатысатынын растап, онлайн-тіркеуден өтті. 

Жарыс өткізу барысында 30 мыңға жуық туристер мен шетелдік қонақтар келеді деп жобалануда. Қысқы Универсиаданың күнделікті телекөрермендер аудиториясы әлемнің 80 елін қамтып, 1 миллиард адамға жетпек.

2016 жылғы наурыздан спорт нысандарының, қала қызметтерінің өкілдерін, еріктілерді қаладағы 5 жоғары оқу орнында ағылшын тіліне оқыту бағдарламасы басталады. Жарысты ұйымдастыру ісіне 3 мыңға жуық ерікті тартылады.

Айта кетейік, Мұз аренасы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада кешендері қатарына кіреді және 12 мың көрерменге арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016 жылғы қазанда аяқтау жоспарланған. Қазіргі кезде оның құрылысына 1,5 мың жұмысшы атсалысуда. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети