Назарбаев Алматыда дүкеннен отандық өнім сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Алматыда дүкеннен отандық өнім сатып алды Игорь Ильинскийдің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы ірі гипермаркетте болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы ірі гипермаркетте болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығының жаңа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды.

Сонымен қатар, мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды.

"Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы - Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50 пайыз болады. 8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды", - делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети