12 қазан 2021 13:14

Назарбаев АӨСШК сыртқы істер министрлеріне үндеу жолдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес жиналысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес жиналысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан АӨСШК-ге  биыл бірінші рет төрағалық етті. Кездесу Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр, өзге елдердің спикерлері бейнебайланыс арқылы қатысады.

"Келер жылы АӨСШК шақыру туралы Қазақстанның бастамасына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде әр мемлекеттің елеулі үлесінің арқасында кездесу өткізіліп, маңызы мен өзектілігін дәлелдеді. Қазір АӨСШК - бірегей құрылым, ол - мемлекеттердің саяси жақын болуына, Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылық орнауына, келіссөздер механизмі арқылы континенттің ең өзекті мәселелерін шешуге және көпжақты көзқарас қолдануға бағытталған ынтымақтастық", - деді Назарбаев.

Реклама
Реклама

Елбасы сөзінде кеңес Азияның 90 пайызы, әлем халқының жартысы, әлемдік ЖІӨ-нің 50 пайызынан астамы болатын, жаһандық экономиканың өсуінің үштен екі бөлігін қамтамасыз ететін 27 мемлекет қатысатынын айтты.

"Азия бүгінде экономикалық, адами және табиғи әлеуеті әлі де пайдаланылмаған, алайда экономикалық өсуі жағынан қарқыны жоғары әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Азия - біздің ортақ үйіміз. Біз оның жағдайына, мәселелерін шешуге тікелей жауаптымыз", - деп атап өтті Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Оның айтуынша, АӨСШК кеңістігінде шиеленіс ошақтары мен тұрақсыз аймақтар, аумақтық даулар мен ядролық қарусыздану мәселелері, терроризм мен экстремизм аймақтары әлі де қалып отыр.

"Азия мемлекеттері бейбітшілікте, барлық басқа мемлекеттермен ынтымақтастықта өмір сүруге және дамуға лайық", - деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев АӨСШК Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды. Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес - Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум, негізгі міндеті - тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту. Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram