12 қазан 2021 12:19

Назарбаев АӨСШК Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

elbasy.kz elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

"Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", - деді Рахметуллин. 

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес - Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум, негізгі міндеті - тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту. Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети