Назарбаев Apple компаниясының негізін қалағандардың бірі Стив Вознякпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Apple компаниясының негізін қалағандардың бірі Стив Вознякпен кездесті © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Вознякқа ризашылық білдіріп, оның пленарлық отырыста сөйлеген сөзінің мазмұнды әрі өзекті болғанын айтты.

Қазақстан Президенті эмиссиялық орталықтар арқылы бақыланбайтын криптовалюталардың пайда болу себебі әлемде бір ғана валютаның үстемдік етуіне байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан есеп айырысу кезінде ұлттық валютамен қатар басқа да валюталарды пайдаланатынын атап өтті.

Возняк осындай жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға, жаһандық сын-тегеуріндерге қатысты өз ойын ортаға салуға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

"Валюталардың сымсыз байланыстан айырмашылығы, ешқашан универсалды болған емес. Дей тұрғанмен, криптовалюталардың үлкен артықшылығы олардың бақылауға алынбайтындығында, дамуының тежелмейтіндігінде және универсалды әрі жаһандық валютаға айналатындығында", - деді компания жетекшісі.

Кездесу барысында тараптар цифрландырудың жекелеген мәселелерін және криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети