Назарбаев Ақышевты қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ақышевты қабылдады © Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бүгін Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. 

Кездесу барысында Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Елбасы шағын және орта бизнес субьектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды.

Ақышев экономиканың нақты секторын қаржыландыру шаралары елдің даму қарқынына оң әсерін тигізуі қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети