Назарбаев Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тіледі

Н?рс?лтан Назарбаев Армения республикасыны? Президенті Армен Саркисянмен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
 
Мемлекеттер басшылары ??гімелесу барысында Арменияда?ы ?азіргі ішкі саяси ахуал ж?нінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Армения республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Серж Саргсян Армениядағы он күнге созылған наразылық акцияларына бйланысты дүйсенбіде отставкаға кеткен еді. Президент Саркисян министрлер кабинетінің отставкасын қабылдады. 

Елді 2008 жылдан бері басқарып келе жатқан Саргсянды Армения премьері етіп тағайындауға қарсылық 13 сәуірде басталған. Жаңа парлементтік республика (9 ақпаннан бастап) заңдары бойынша елді премьер басқарады. Оппозиция Саргсянды экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелді деп айыптап, 17 сәуірде "барқыт төңкерісі" басталғанын мәлімдеген. Жалпы наразылыққа қарамастан, Армения парламенті 17 сәуірде Саргсянды үкімет басшысы етіп тағайындаған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news14
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама