23 сәуір 2018 19:05

"Қателесіппін". Армения премьер-министрі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серж Саргсян. © REUTERS Серж Саргсян. © REUTERS

Армения премьері Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады РИА Новости


Армения премьері Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады РИА Новости

"Мемлекет басшысы ретінде сіздерге соңғы рет үндеу жариялаймын. Никол Пашиняндыкі (наразылық акциясының лидері - ред.) дұрыс болыпты. Мен қателесіппін. Бұл жағдайды шешудің бірнеше жолы бар, бірақ оның ешқайсына бармаймын. Бұл менің жолым емес. Еліміздің басшысы қызметінен кетемін", - деп келтіреді Саргсянның сөзін баспасөз қызметі. 

Осыдан кейін ол барлық азаматқа, наразылық акциясына қатысушыларға, офицерлерге, сарбаздарға және партияластарына былай деп үндеу жасады: "Көше" қозғалысы менің бұл қызметте болуыма қарсы, мен осы талабын орындаймын. Елімізге бейбітшілік, келісім және логика тілеймін".

Саргсянның Армения премьері болып сайлануына қатысты акциялар 13 сәуірде басталған еді. Саргсян 2008 және 2013 жылдары президент қызметіне екі рет сайланған. Оппозиция оны тиімсіз ел басқарды және экономикалық жағдайды құлдыратты деп айыптады. 17 сәуірде оппозиция "барқыт революциясын" жариялады. Наразылыққа қарамастан Армения парламенті сол күні Саргсянды министрлер кабинетінің басшысы етіп сайлады. Ал оның алдында конституцияға премьерге кеңейтілген құзырет беретін өзгерістер енгізілген еді.


Азаматтық келісім партиясының лидері Никол Пашинян. © РИА Новости


© РИА Новости

Оппозиция лидері Никол Пашинян мен Саргсянның келіссөзі үш минутқа ғана созылып, нәтиже бермеген еді. Премьер-министр оппозиционердің әрекетін бопсалау деп айыптап, оған құқықтық алаңға оралуға кеңес берген. 

БАҚ мәліметінше, 23 сәуірде наразылық акциясына ондаған әскери қосылған. Олардың бірі журналистерге берген сұхбатында "әскери қызметте жүргенін" мәлімдеген. Әскерилердің қолында қаруы жоқ, бұдан артық жағдайды олар баяндамаған.  

Өз кезегінде елдің қорғаныс министрлігі әскерилердің оппозиция митингіне қатысуын айыптап, әскери бөлімнен өз бетімен кетіп қалғандарға қатысты "шара қолдануға" уәде берген еді. Ведомство өкілдері әскерилер ел конституциясы мен заңдары әскерилердің кез келген жиынға қатысуға шектейтінін ескерткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети