Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеңес барысында елдің қорғаныс қабілетін және әскерлердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөніндегі Қарулы Күштер қызметінің 2015 жылғы қорытындылары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев армияның қазіргі заманғы әскери және террорлық қатерлердің алдын алу мен болдырмаудағы маңызды ролін атап өтті.
"Әрбір қазақстандық өз қауіпсіздігі туралы ойлай отырып, ең алдымен Қарулы Күштерімізге үміт артады. Сондықтан ешқайсыңыз мұны ұмытпауларыңыз керек. Сіздер өздеріңіз әрдайым тас-түйін дайын және бес қаруларыңыз да сай болғаны жөн. Мемлекет өз тарапынан армияға қажетті барлық жағдайды жасауға тиіс. Сіздердің міндеттеріңіз - офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелеу және сапалы деңгейде даярлау", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Жоғарғы Бас Қолбасшы Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қарулы қақтығыстардың жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру керегін, кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық даярлық деңгейін ұдайы арттырып отыруға тиістігін айтты. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді 2016 жылғы дамытуға байланысты бірқатар міндет қойды және офицерлерді алдағы мерекемен құттықтап, басшылық құрамға жаңа қызметтік көлік кілттерін тапсырды.