18 мамыр 2017 | 15:59

Назарбаев Асанәлі Әшімовпен 70-жылдары қалай кездескені жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Елбасы көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы биылғы 12 мамырда Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы театрда мерейтой иесінің құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.  

"Әріптестеріңіз және зиялы қауым өкілдері Сіздің қызметіңізге жоғары баға берді. Біз 40 жылдан астам уақыттан бері таныспыз. Содан бері, әсіресе ел тәуелсіздігі қалыптасқан күрделі жылдарда әрдайым қолдауыңызды сезініп келемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әшімовтің шығармашылық қызметі Кеңестер Одағы дәуірінде де лайықты бағаланғанын атап өтті.

"Сіз КСРО-ның, Қазақстанның халық әртісі болдыңыз, ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталдыңыз. Кино әлеміндегі Асанәлі Әшімовтің есімін күллі Қазақстан мақтан тұтады. Сіз Қазақстандағы сан-салалы шығармашылық өнердің саңлағы атандыңыз. Сондықтан елге керек қадірлі тұлға болып отырсыз", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Әшімовтің театр мен кинодағы қазіргі табысты қызметін атап өтіп, жеке өзінің және мемлекет атынан алғыс білдірді. 

"Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесіңізді, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуы жолындағы орасан зор жетістіктеріңізді, белсенді қоғамдық қызметіңізді, сондай-ақ халқымыздың тілегін ескеріп, мен Сізге Қазақстанның Еңбек Ері атағын беру жөнінде шешім қабылдадым. Соған орай "Алтын жұлдыз" белгісін табыс етемін",- деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттің мәдениет саласын белсенді түрде қолдап келе жатқанына және өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының кейбір тұстарына назар аударды.  

"Осы жылдар ішінде мен Қазақстан мәдениетін назарымнан тыс қалдырған емеспін. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстанда мәдениетті қолдау бағытындағы жан-жақты жұмыс ұдайы жүргізіліп келеді. "Астана опера", "Қазақстан" орталық концерт залы" сияқты нысандар салынып, жаңа шығармашылық ұжымдар құрылды, еліміздің барлық облыстарында театрлар жұмысы жолға қойылды. Мемлекет тек экономикамен ғана айналысып, өнерге қолдау көрсетпесе, бар күш-жігеріміз зая кеткенмен бірдей. Біз Қазақстанның өнерін әлемге таныту және насихаттау үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Көрнекті қайраткерлерімізді бүкіл жұртқа таныстырып келеміз", - деді Қазақстан Президенті.

Әшімов Мемлекет басшысының ел үшін атқарып жүрген қызметін қолдайтынын және оны мақтан тұтатынын атап өтті.

"Біз гастрольмен және кино түсіру мақсатымен түрлі елдерге барамыз. Барлығы біздің елдің өзіңіздей Президенті бар екеніне тәнті болып, есіміңізді құрметпен атап жатады. Бүгін иеленген атақты аванс деп есептеймін. Біздің жұмысымыз өзгеге үлгі болуға тиіс. Біз Сіздің "Тек алға!" деген ұстанымыңызға сүйенеміз. Сіз жүргізіп отырған саясатты толық мақұлдаймыз және қолдауыңыз үшін алғыс айтамыз", - деді Әшімов.

 


Сурет пен видео Ақорданың баспасөз қызметінен

Нұрсұлтан Назарбаев бізді жетістіктерге жетелеген осынау жүйрік уақыт ішіндегі ең басты табысымыз -  Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз екенін атап өтті.

"Жалпы, мен замандастарыма ризамын. Олардың арасында көптеген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жазушылар бар. Біз көп қиындықтарды бастан өткердік. Алдымызда халықты басқаша өмір сүруге үйрету міндеті тұрды. Көпшілігі бізді, елімізді қолдады. Солардың арасында Сіз алдыңғы қатарда тұрсыз", - деді Мемлекет басшысы.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети