27 сәуір 2016 | 19:34

Назарбаев Астана әкіміне: Сен EXPO қарсаңында моторлы қайықтарды қойып қой, масқарамыз шықсын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Иманов көшесі Астанадағы Иманов көшесі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың дамуы және EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің дайындық барысы бойынша өткен жиналыста елордадағы кептеліс, жол және су жүргізу кәрізінің жоқтығы турасындағы мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың дамуы және EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің дайындық барысы бойынша өткен жиналыста елордадағы кептеліс, жол және су жүргізу кәрізінің жоқтығы турасындағы мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгіннің өзінде Астанада кептеліс қалыпты жағдайға айналды, өзеннің арғы жағын қараңыздар. Мен мұндайды күтпедім. Бізде бұл мәселе туындады, енді оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс. Қазір жоспарлаумен айналыспаса, бірнеше жылдан кейін ірі қалалардағыдай коллапс болады. Қалада әлі күнге дейін автотұрақ жүйесі ұйымдастырылмаған. Қоғамдық көліктерде электрондық төлем енгізілмеген. Тезірек енгізу керек, мұны бүкіл әлем қолданып отыр. Автотұрақты да, көлікте де. Не болып жатқанын көріп отырсыздар ма?", - деп мәлімдеді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы LRT құрылысының қандай кезеңде екенін сұрады. Оған EXPO көрмесіне дейін LRT-ның іске қосылып үлгермейтіні жайлы жауап берілді. 

Назарбаев елордадағы жолдардың 27 пайызына тасжол төселмегенін атап өтті. Ол нашар жолдың басты себебі деп су ағызу кәрізінің жоқтығын атады. Қазақстан Президенті Астанада жаңбыр жауғаннан кейінгі көшелердің суреттерін экранға шығаруды сұрады. (Слайдта Иманов көшесі көрсетілді - Авт.)

"Бұл қай қалада, Астанада ма?", - деп сұрады Президент. 

"Бізде мұндай болмаған", - деп мәлімдеді Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

"Айтыңдар, мынау Париж бе, әлде Астана ма?", - деді Назарбаев. Қатысушылар суретте жаңбыр жауғаннан кейінгі Астанадағы Иманов көшесі деп пікір білдірді. 

"Бізде мұндай болмаған дейсің бе? Бұл Тайланд па не? Болмады ма сонымен? Сен, тыңда, жаңбыр кезінде қаланы араламайды екенсің ғой", - деді Назарбаев әкімнің орынбасарына қарата.

Әкімнің орынбасары 10 тазалау құрылғысының құрылысы басталғанын, сонымен қатар, коллектордың құрылысы басталғанын түсіндірді. 

"2007 жылдан бері бірде-бір су ағызу кәрізі болмады. Бұл дерек, өткен жылы су басқан кез", - деді Астана әкімі Жақсыбеков.

"Бұрынғыға итеріп қоя сал... Бұл күлкілі емес. Астанада Венеция ма не?", - деді Назарбаев. Ол су сору машиналарын сатып алғанша су ағызу кәрізін жүргізу қажет екенін қоса айтты.

Президентке үш жылдың ішінде су ағызу кәрізі мәселесінің шешілетіні уәде етілді. 

"Сен EXPO қарсаңында моторлы қайықтарды қойып қой, масқарамыз шықсын... Дұрыстап айналыс", - деп қорытындылады сөзін Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети