Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады

© REUTERS

Н?рс?лтан Назарбаев "Астана" футбол клубы командасына ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" футбол клубы командасына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты "Астана" футбол клубының командасын құттықтады.

"Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады.

Реклама
Реклама

Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.

Осыған дейін "Астана" клубыныңқазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққаны хабарланған болатын.

Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның "Славия" командасын ұтқан еді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама