08 желтоқсан 2017 09:08

"Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" клубы қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның "Славия" командасын ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" клубы қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның "Славия" командасын ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалғасы

Прагада өткен аса маңызды ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын "Астана" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Марин Аничич соқты. Алғашында бас төреші Давид Масса голды есепке алмағанмен, кейіннен қапталдағы көмекшісімен ақылдаса келе есепті тіркеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылда ширақ ойнағанмен, қазақстандық команданың қорғаушылары сәтті қорғана білді. Қақпашы Ненад Эрич қырағылық танытып, бірнеше сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Нәтижесінде бірінші таймдағы есеп сақталып, "Астана" 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

 

Публикация от Vesti.kz (@vestigram)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети