Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысының өкімінде хабарланды. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу барысында "Ел жүрегі - Астана" концепциясын бекіту және комиссия туралы ереже мен комиссия құруды тапсырды.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", - делінген хабарламада. .