09 желтоқсан 2015 17:28

Назарбаев Астанада мұнай-газ саласына жауаптыларды жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында көмірсутек шикізатының әлемдік бағасының тұрақсыздығы жағдайындағы мемлекеттің энергетика саясатының аспектілері қаралды.

Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін қысқы маусымда газбен қамтамасыз ету, энергия көздерін тасымалдау саласындағы қызметті оңтайландыру және инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети