Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын. Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.
Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Президент мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараны қабылдау керектігін айтты.
Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген.
Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың өмірін жалмаған өрттің мән-жайы