Назарбаев Астананың инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Астананың инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуымен танысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалау институты ЖШС-да болып, онда Астананың бірқатар инфрақұрылымдық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президентіне сәулет және қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Атап айтқанда, жүрдек автобус тасымалын іске қосуға мүмкіндік беретін "BRT. Астана қаласының жаңа көлік жүйесі" жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа EXPO-2017 халықаралық көрмесі нысандары мен жаңа теміржол вокзалына тартылатын жолдарды жобалау мен салу барысы туралы да айтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына елорданың жылу магистралінің 4-ші және 5-ші кезегін жобалау мен салу, энергетика көздері ғимараттарын салу мен қайта жөндеу жұмыстары жөнінде ақпарат берілді.

Қазақстан Президенті Орынбор көшесіндегі, Салтанат қақпасы маңындағы Дөңгелек алаң мен Мыңжылдық аллеясындағы құрылыстарды, тұрғын үй құрылыстарын жүзеге асыру жоспарын, сондай-ақ Астана қаласындағы ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді сүру жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысын қарап шықты.

Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту барысында қаперге алынуы тиіс бірқатар маңызды жайттарды ескертті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети