Назарбаев Атамбаев пен Әлиевті Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен мерекені тойлауға байланысты жиын өтіп жатыр.
Назарбаев Атамбаев пен Әлиевті Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен мерекені тойлауға байланысты жиын өтіп жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынның салтанатты бөлімін аша отырып, қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады. Осы мерекеге орай Астанаға Қырғызстан мен Әзірбайжанның президенттері шақырылды. Шақырылғандардың ішінде Түркменстан президенті әкімшілігінің өкілдері де бар. Тәуелсіздік сарайына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
"Қасиетті жеріміздің тарихы бірнеше мыңдаған жылдарға жалғасатынын есте ұстай отырып, бабалардың ерлік істеріне тағзым етеміз. Ол өзінің бірегей өрнегімен Еуразияның бұрынғы және қазіргі өркениеттерімен біте қабысып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондай-ақ 2 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі Таразда бір айдан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент салтанатты түрде ашылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін Астанада тағы бірнеше шара өтеді: кітап көрмесі, сарапшылар, Қазақстан, Иран, Мысыр, Беларусь пен Қызғызстанның мәдениет министрлері қатысатын Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау барысында "Барыс" мұз сарайында сағат 19.00-де театрланған қойылым көрсетіледі. Қойылымда қазақ мемлекетінің үшмыңжылдық тарихы баяндалады. Қойылымға үш мыңға жуық адам қатысады. Театрланған қойылымды республикалық арналардан тікелей эфирде көруге болады.